Шотландиядан келген егде жұп Алматы тауларында қоқыс жинайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шотландиядан келген егде жұп Алматы тауларында қоқыс жинайды

444

Smiley face

Шотландиядан келген егде жұп Пол мен Сандра Қазақстанның оңтүстік астанасының сұлулығын тамашалауға келді, бірақ серуендеудің орнына қоқыс жинауға тура келді. Бұл туралы журналист және кәсіпкер Анна Шелепова Facebook-тегі өзінің парақшасында хабарлады.

Smiley face

Бірнеше күн ішінде туристер Медеу, Шымбұлақта болып, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті, бірақ оларды аса елең еткізген жайт – таулар мен демалыс базаларындағы қоқыстың көлемі болды.

Smiley face

"Тамыз айында тауларда жаппай сенбіліктер болды,оған мен де қатыстым. Өкінішке орай  (жүз рет өкінішке орай!) бұл туристердің біздің елімізге қайта келуі екіталай, ол үшін біз өзіміздің сана-сезімімізді өзгертуіміз керек. Қысқаша айтқанда, адамдардың осындай екіұшты ойлармен кетіп жатқаны өте өкінішті", - дейді Анна Шелепова.


Көзі: yunews.kz