Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері қоқыс жәшігін қоятын металл бұйымдардың қолды қылған екі күдіктіні ұстады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері қоқыс жәшігін қоятын металл бұйымдардың қолды қылған екі күдіктіні ұстады

444

Smiley face

Елордалық полицияға белгісіз азаматтардың аулаларда орналасқан тұрғындарға қолдануға орнатылған қоқыс жәшігін қоятын металл бұйымдардың қолды болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

«Алматы» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстың «ізін суытпай», осы ұрлықты жасады деген күдікпен 26және 27 жасар қала тұрғындары ұсталды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында белгілі болғаны,  металл бұйымдарын қолды қылған екеу оны темір қабылдайтын орынға өткізген.

Полиция қызметкерлері темір қабылдайтын орыннан айғақты заттарды тәркіледі. Ал ұрланған мүлікті қабылдап алған  метал қабылдау орны бойынша да тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері ұрланған мүлікті сатып алу бойынша қылмыстық жауапкершілік Қылмыстық Кодексiнің 196-бабымен қаралатынын ескертеді.

 Нұр-Сұлтан қ.ПД баспасөз қызметі


Көзі: yunews.kz