Елордада жас ұстаз орталығы ашылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордада жас ұстаз орталығы ашылды

444

Smiley face

Нұр-Сұлтанда түңғыш Жас ұстаз орталығы ашылды. Ол 350 жас мұғалімді қабылдауға арналған, деп хабарлайды елордалық сайт.

Жаңа орталық - бұл жай ұстаздар тұратын орын ғана емес, бұл жас мұғалімдер сабақтан алған әсерлерімен бөлісетін, заманауи идеялар мен инновациялық білім беру жобаларын талқылайтын диалог алаңы. Елордалық жас мұғалімдер клубы мен көшбасшылардың резерв мектебі де осы жерде жұмысын жалғастыратын болады.

Smiley face

Бүгінгі таңда 200-ден астам жас ұстаз кілттерін алып, қоныстана бастады. Үміткерлер келесі критерийлер бойынша таңдалды: 1. Педагогикалық білім (үздік диплом алғандарға артықшылық беріледі). 2. Жалпы жұмыс өтілі 5 жылға дейін (Нұр-Сұлтан қаласының білім ұйымдарында). 3. Нұр Сұлтан қаласында уйінің жоқтығы. 4. Үйленбеген және асырауындағы балаларсыз. Үміткерлерді таңдау кезінде педагогикалық қызметте жетістіктері бар және білім ұйымның қоғамдық өміріне қосқан үлесін ескеретін жас мұғалімдерге артықшылық беріледі.

Smiley face

Білім басқармасындағы комиссия (оның құрамына кәсіподақ, қоғамдық ұйымдар, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі, БАҚ, ата-аналар қауымдастығы және т.б. кіреді) оқытушылар берген өтініштерді қарайды.
Smiley face


Көзі: yunews.kz