Құрылыс бөлімдерінің басшылары парақорлыққа күдіктенуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Құрылыс бөлімдерінің басшылары парақорлыққа күдіктенуде

444

Smiley face

Қостанай облысының мемлекеттік құрылыс мекемелерінің бірқатар басшылары пара алды деп айыпталуда, деп хабарлайды Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі.

«Рудный қаласы әкімдігінің"Рудный қалалық құрылыс бөлімі"ММ басшысы "Рудный қаласындағы шағын аудандарды газдандыру"нысаны бойынша орындалған жұмыстар актілерін кедергісіз қабылдау және құрылыс жұмыстары шартын жасау үшін ЖШС өкілінен құны 10,4 млн теңге,2019 ж.ш."Nissan Qashqai"автокөлігі түріндегі пара алды деп күдіктенеді", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, "Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысына қатысты "Восточный кентінің су құбыры желілерінің құрылысы" объектісі бойынша 145 млн.теңгеге орындалған жұмыстардың актілерін кедергісіз қабылдау үшін жоғарыда көрсетілген ЖШС өкілінен 250 мың теңге сомасында пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Лауазымды адамдар ҚПК 128-б. тәртібінде ұсталып, Қостанай қ. ПБ УҰИ-ға қамалды.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған лауазымды тұлғаларға пара беруге күдікті ЖШС өкіліне қатысты да тергеу жүргізілуде.

Күдіктілерге қатысты олардың кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда


Көзі: yunews.kz