Астық түсімі жоспарланғаннан төмен, - ауыл шаруашылығының вице-министрі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Астық түсімі жоспарланғаннан төмен, - ауыл шаруашылығының вице-министрі

444

Smiley face

Облыстардың жедел мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі таңда 2,4 млн га астық жиналды, бұл егін жинау алаңының 81,4%-ын құрайды, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметі. Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров 14,2 млн тонна астық пен дәнді дақылдар тартылғанын хабарлады. Республика бойынша орташа өнімділік гектардан 11,5 центнер құрайды.

"Астықтың түсімі  жоспарланғаннан төмен. Бидай сапасы мәселесі бойынша, бүгінгі күні элеваторға 2,5 млн тоннадан астам бидай әкелінді. Бүгінде әкелінген бидай сапасы үшінші сыныптың 58% құрайды. Бұл бүгінгі күні жақсы көрсеткіш. Бидай дымқыл. Алайда, облыстардың өтініші бойынша Үкімет элеваторларды кептіру үшін және кептіргіш агрегаттары бар астық ағындарына тағы 50 мың тонна отын бөледі", - деді А.Сапаров.

Биылғы жылы жаппай астық жинау азайды, деп атап өтті ол.

 

«Өткен жылы жиналған астықтың жалпы өнімі 20,3 млн тоннаны құраған. Биыл 17 млн тонна астық жинау жоспарлауда. Елімізде 1 шілдеден бастап аптап ыстық болды. Әсіресе, ең бидайлы саналатын Қостанай өңіріндегі 8 ауданда еккен егін күйіп кетті. Ол жерлерде қазіргі таңда гектарына 3,4 центнер астық жиналып жатыр. Осы себепті, төмендеу болады. Үкімет тарапынан көрсетілетін көмек-қолдаулардың барлығы көрсетілді. Проблема жоқ. 1 шілдеден кейін күн райына байланысты қиындық туындағаннан кейін ғана мәселе шығып отыр», - деді Айдарбек Сапаров. 

Ауыл шаруашылығы вице-министрі экспортқа болжам жасау қиын екенін атап өтті.

«Экспортқа қанша мөлшерде бидайдың шығарылатынын әзірге айту қиындау. Менің ойымша, экспортқа 6-7 тонна астық шығарамыз деп болжам жасаудамыз. 17 тонна жинасақ, бәрібір өткен жылғыдан қарағанда түсім азырақ болады. Бірақ ішкі сұраныс толығымен қанағаттандырылады», - деді ол.


Көзі: yunews.kz