Ақтөбеде балықтарды құтқару жұмыстары басталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтөбеде балықтарды құтқару жұмыстары басталды

444

Smiley face

Идея авторы "Ақтөбе, тыныс ал!" және "Өзендерімізді құтқарайық!" қоғамдық бірлестіктерінің еріктілері болды. Оларды Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшылығы қолдады.

Мәселенің мәнісі мынада, өткен жылдың аяғында Ақтөбеде облыс орталығы арқылы немесе жақын маңда өтетін сегіз жергілікті су айдындарының жағалауларын нығайтуға тендер өтті. Конкурсты басқа қалалық бірнеше  компаниялар жеңіп алды, және мемлекет оларға өзен түбін кеңейту және жағалауды бекіту жұмыстарын жүзеге асыру үшін 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

Алайда, олардың жұмыстары осы жазда өзендердің тайыздануына әкелді, ғасырлық және қызылкітаптық ағаштар рұқсатсыз кесіліп, балық жоғалды. Жобаның даулы болғаны соншалықты, жұртшылық Ақтөбе облысының әкімінің, бірқатар министрлердің, сондай-ақ ел Президентінің атына осы "экологиялық озбырлықты" тоқтату туралы ресми хат жазды. Нәтижесінде жоба уақытша тоқтатылды, тексеру тағайындалды, ал су айдындарындағы балық туралы барлығы ұмытты десе болады.

Smiley face

Алайда, энтузиасттар әлеуметтік желілерде хабарландырулар орналастырды, содан кейін оларға мемлекеттік органдар да көмек көрсете бастады. Қазіргі күндері Сазды өзені мен басқа да су айдындарында келесі көріністі байқауға болады: адамдар шалшықты сүзіп, балықты қолмен немесе аумен аулайды, сосын оны бөшкелерге салып Елек өзеніне апарып суға жібереді.  

"Қазіргі таңда Ақтөбе қаласының шегінде ағып жатқан Сазды өзеніндегі балықты құтқарып, оларды Елек өзеніне жіберу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Қабыршақтыларды құтқару жөніндегі жұмыс мұзқатқыға дейін жүргізілетін болады», - деп атап өтті Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында.


Көзі: yunews.kz