Қазақстанда үздік еңбек әулетін, жас мамандар мен тәлімгерлерді таңдайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда үздік еңбек әулетін, жас мамандар мен тәлімгерлерді таңдайды

444

Smiley face

Қазақстан өңірлерінде «Еңбек жолы» конкурсының бірінші кезеңі өтіп, онлайн-дауыс беру жолымен «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Онлайн-дауыс берудің нәтижелері бойынша ең көп ұпай жинағандардың үштігі «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңіне қатысады.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға 388 өтінім берілген, оның ішінде 90 өтінім - «Үздік еңбек әулеті», 154 өтінім - «Өндірістің үздік жас маманы» және 144 өтінім «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымдары бойынша.

Биыл үміткерлердің саны өткен жылмен салыстырғанда 58,4% көп.

Конкурстың негізгі мақсаты еңбек адамдары жөнінде жағымды қоғамдық пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерінің құрылуына жағдай жасау болып табылады.

Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың қараша айында Қазақстанда Еңбек күнін мерекелеуге арналған «Халықтың әл-ауқатын әлеуметтік әріптестік арқылы жақсарту» республикалық форумы аясында өткізілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 29 қыркүйек күні елімізде Еңбек күні аталып өтті. Мерекенің негізгі мақсаты өндірісті еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмыс кәсіптерін насихаттау және жұмыс әулеттерінің көпжылғы дәстүрлерін нығайту.

Бұл мерекемен қазақстандықтарды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов құттықтады.


Көзі: yunews.kz