Костюмді аспазшы қалпағына ауыстырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Костюмді аспазшы қалпағына ауыстырды

444

Smiley face

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде "Ас болсын" челленджі басталды, деп хабарлады университеттің ресми сайты. Төрт проректор өз студенттерін таң қалдырып, жатақханадағы асханада кешкі ас дайындады.

Мәзір бірнеше тағамнан тұрды. Әрбір проектор өз қалауы бойынша тағам дайындады. Шаруашылық бөлімі жөніндегі проректор Ертарғын Шахман бесбармақ, көмірде картоппен пісірілген қойдың қабырғасын және цитрусты десерт ұсынды.

Smiley face

Ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректор, биология ғылымдарының докторы Нұрлан Ержанов бұқтырылған етті макарон және көкөніс салатын дайындады.

Smiley face

Академиялық жұмыс жөніндегі проректор, техника ғылымдарының кандидаты Петр Быков студенттерге кешкі асқа кілегей тұздығымен жасалған тауық еті және саңырауқұлақпен спагетти ұсынса, оның даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі әріптесі, саяси ғылымдарының докторы Арман Ақышев ұйғырша дайындалған гампан әзірледі.

Smiley face

Келесі демалыс күндері студенттер үшін факультет декандары кешкі астың бас аспаздары болады. Мәзір әзірге құпия сақталуда.

Smiley face


Көзі: yunews.kz