Атырауда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соғылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соғылды

444

Smiley face

Атырау қаласының «Жерұйық» шағын ауданында №22 маршрутты жолаушылар автобусы мен «ЗИЛ» жүк көлігі соғысып қалды. Апат салдарынан жеті ересек адам және төрт бала зардап шекті.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, оқиға орнынан ауруханаға екі ересек жолаушы орта дәрежедегі жарақаттарымен жеткізілген. Ал қалғандарын тексергеннен кейін дәрігерлер амбулаторлық емделуге жіберілген.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған апаттың барлық мән-жайларын анықтап жатыр. Жүргізушілердің әрқайсысының кінәсінің дәрежесі анықталуда.


Көзі: Yunews.kz