Заңсыз 8 қарағай кескен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Заңсыз 8 қарағай кескен

444

Smiley face

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Қарқаралы ауданының аумағында өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде Қарқаралы ауданының табиғат қорғау полициясы қызметкерлері "Қарқаралы-Егіндібұлақ" тас жолында 51 жастағы тұрғынның басқаруындағы "Нива 21213" маркалы машинасын тоқтатқан.

Автокөлік тіркемесінде көзбен шолып қарау кезінде ұзындығы 2 метр кесілген 8 дана қарағай табылды. Жүргізушіде тасымалдауға немесе сатып алуға қандай да бір рұқсат құжаттары болмаған.

Тергеу барысында 51 жастағы ер адам Қарқаралы ауданының "Қу орман шаруашылығы" орман қоры аумағында 8 дана қарағай ағашын заңсыз кескенін мойындады .

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 340-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz