Франция бұрынғы президент Жак Ширакпен қоштасты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Франция бұрынғы президент Жак Ширакпен қоштасты

444

Smiley face

Париждегі қаралы рәсімге Президент Эммануэль Макрон қатысты. Парижге азалы іс-шараларға 80-ге жуық шетелдік көшбасшы, соның ішінде Ресей мен Грузияның Президенттері келді. Владимир Путин Макронмен қысқа кездесу өткізді. Сондай-ақ, жерлеу рәсіміне АҚШ-тың бұрынғы Президенті Билл Клинтон да келді, деп хабарлайды РИА Новости.

Дүйсенбі, 30 қыркүйек, Францияда ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Жак Ширак 1995 жылдан 2007 жылға дейін Мемлекет басшысы қызметін атқарды. Сонымен қатар, Ширак екі рет Франция Премьер-Министрі және 18 жыл бойы Париж мэрі болды.


Көзі: Yunews.kz