ҚазМЗУ түлектері ішкі істер органдарына қызметке кіре алады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ҚазМЗУ түлектері ішкі істер органдарына қызметке кіре алады

444

Smiley face

Көлік полицейлері ҚазМЗУ студенттерімен кездесу өткізді,деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар басшылары «М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ университеті» АҚ мен «ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті» РММ арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды. Оған ҚазМЗУ өкілі Сергей Геннадьевич Пен және Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бекиев Онал Ботаұлы қатысты. Сондай-ақ, жас полиция қызметкерлері де шақырылды.

«Бұл кездесудің мақсаты - университетпен жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру, ғылыми-зерттеу қызметі, лицензияланған бағыттар мен мамандықтар негізінде оқытушылар мен білім алушыларды алмасу, сондай-ақ көлік полицейлерінің оң имиджін насихаттау үшін студенттер қатарынан волонтерлерді тарту. Кездесуді аша отырып Онал Бекиев студенттерге практикаға бағытталған оқыту бағдарламасының қазіргі заманғы талаптарын жеткізді.

«Тергеу-криминалистикалық желісі бойынша, сондай-ақ криминалдық полиция бойынша алғашқы дайындық курстарында оқыту мерзімі 6 айды, басқа санаттағы лауазымдар бойынша - 3 айды құрайды», - деп атап өтті О. Бекиев. Оның айтуынша, мұндай полиция курстары Алматы академиясында – криминалдық полиция желісі бойынша, Қарағандыда – тергеу-криминалистикалық, Ақтөбе заң институтында – әкімшілік полиция, ІІМ оқу орталығында енгізілген.

Шымкент қаласының мамандандырылған күзет қызметі мен жергілікті полиция қызметі. ҚазМЗУ университетінің мамандарын даярлаудың жоғары деңгейін ескере отырып, Департамент осы оқу орнын бітірушілердің ішінен ІІО-ға қызметке үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыруды ұсынды. Сондай-ақ осы іс-шара аясында университет студенттеріне Департаменттің қызметі және ішкі істер органдарына қызметке түсу тәсілдері туралы презентация көрсетілді. Онал Бекиев полиция қызметкерлеріне жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист, учаскелік инспекторлар және басқа да лауазымдарда адал, білімді, күшті, епті, батыл және шыдамды мамандар қажет екендігін айтты.

Кездесу соңында Көліктегі полиция департаменті арнайы және жұмылдыру дайындығы мен жедел криминалистикалық басқармасының қызметкерлері өз қызметі туралы айтып берді.


Көзі: Yunews.kz