Әскери кадрлардың үздік тәрбиешілері - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Әскери кадрлардың үздік тәрбиешілері

444

Smiley face

Петропавлда мұғалімдер күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының үздік оқытушыларын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Гвардиясы.

Мұғалімдер күні қарсаңында Мемлекет басшысының педагогтардың мәртебесін көтеру қажеттілігі туралы Жолдауын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауы бойынша әскери институтта үздік оқытушыға конкурс өткізілді. Байқау жеңімпаздарына 15 номинация бойынша дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

"Қазақстан Президенті ел халқына Жолдауында қазақстандықтардың болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, азаматтардың тез өзгеретін әлемде білім мен бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін қалыптастырудағы ел педагогтарының рөлін тағы бір мәрте атап өтті. "Жыл оқытушысы" атағы номинациясының қатысушылары мен жеңімпаздарын оқытушылық қызметтегі жоғары жетістіктерімен құттықтаймын. Алдағы уақытта да болашақ офицерлерді оқыту мен тәрбиелеудің белсенді түрлерін енгізетініңізге сенімдімін", - деп атап өтті ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының бастығы генерал-майор Бауыржан Әбжанов.

"Жылдың үздік оқытушысы" номинациясы бойынша жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы капитан Бақыт Қалиев жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында "Жылдың үздік курсанты", "Үздік ұстаз-тәлімгер", "Үздік лингвист", "Үздік кафедра", "Үздік оқу батальоны" және т.б. номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.

Марапаттау рәсімі өңірдің әскери және құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың бірінші басшыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы ардагерлерінің қатысуымен өтті.

Smiley face


Көзі: yunews.kz