Республикалық бюджет 95 млрд теңгеге ұлғайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Республикалық бюджет 95 млрд теңгеге ұлғайды

444

Smiley face

Қаржы министрлігі 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылап, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерін сақтауды ұсынды.

Министрлік ЖІӨ-нің 3,8% деңгейінде өсуіне және 89 млн тонна көлемінде мұнай өндіруге ниетті.

Республикалық бюджеттің параметрлері нақтылауды ескере отырып, мынадай болады:

Түсімдердің жалпы көлемі 95 млрд теңгеге артып, 10,7 трлн теңгені құрайды.

Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов, трансферттердің түсімдері, оның ішінде Ұлттық қордан берілетін трансферттер ұлғаймайтынын хабарлады.  Шығындар табыстың 95 млрд теңгеге ұлғаюына сәйкес артады. Республикалық бюджет шығыстарының көлемі 12 трлн теңгеден асады. Осылайша түсімдер 10,7 трлн теңгені, шығыстар 12,0 трлн теңгені, тапшылық - 1,4 трлн теңгені құрайды.

ҚР Қаржы Вице-министрі Берік Шолпанқұлов әлеуметтік салада бөлінетін қаражат туралы айтып берді.

Осы мақсаттарға барлығы 84,8 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде:

- алушылар контингентінің ұлғаюына байланысты атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 36,9 млрд теңге;

- медициналық көмек көрсетуге және денсаулық сақтау объектілерін салуды жалғастыруға 23,3 млрд теңге;

- мәдениет пен спортты дамытуға 2,7 млрд теңге.

Б. Шолпанқұлов атап өткендей, алдағы жылдары экономиканың өсу қарқынын арттыру үшін қосымша көздер салу жоспарланып отыр.

Оған 136,8 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде:

- 36,7 млрд теңге - жолаушылар вагондары паркін, санитарлық техниканы және машина жасау саласының жобаларын жаңартуды қаржыландыру үшін өңдеу өнеркәсібін қолдауға;

- 21,1 млрд теңге - авиапаркті дамытуға және мамандандырылған әуе кемелерімен толықтыруға;

- 17,1 млрд теңге - салымшыларға тұрғын үй заемдарын беруге және

салымдар бойынша сыйлықақылар төлеуге;

- 8,0 млрд теңге - Павлодар және Ақтөбе облыстарының талап етілген суармалы жерлерінің гидромелиоративтік жүйелерін қайта жаңартуға;

- 7,2 млрд. теңге - Жамбыл облысы халқының табысын арттыру бойынша

пилоттық жобаны іске асыруға бағытталады.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өз сөзінде мұнай бағасының сақталғанын, бұл тұтастай алғанда, әлеуметтік-экономикалық болжамның сақталуына әсер ететінін атап өтті.

"Мұнайдың әлемдік бағасы жоғары құбылмалылықты көрсетеді. Осыны ескере отырып, мұнайдың болжамды бағасы барреліне 55 АҚШ доллары деңгейінде сақталды. Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 4,0-6,0 шегінде сақталған. Жалпы, 2019 жылы республикалық бюджеттің кірісі 7 трлн 81 млрд теңгені құрайды", - деді Р. Дәленов.

Ең үлкен көлемді ҚҚС, КТС (корпоративтік табыс салығы – ред.ескертуі), халықаралық саудаға салынатын салықтар құрайды. Республикалық бюджет тапшылығы бұрын бекітілген деңгейде сақталуда - 1 трлн 365 млрд теңге. ЖІӨ-ге қатысты бұл 2,1% құрайды.


Көзі: yunews.kz