АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАС ӘЙЕЛДІҢ ӨЛІМІНЕ КҮДІКТІ ТАТУ-ШЕБЕРІ ҰСТАЛДЫ - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАС ӘЙЕЛДІҢ ӨЛІМІНЕ КҮДІКТІ ТАТУ-ШЕБЕРІ ҰСТАЛДЫ

444

Smiley face

Алматы облысының полицейлері бірнеше күн бойы хабар-ошарсыз кеткен жас әйелдің өліміне қатысты қылмысты ашты. Қылмыс Қарасай ауданында тіркеліп, полиция қызметкерлерімен екі жергілікті тұрғын ұсталды, олардың біреуі кісі өліміне, екіншісі оны жасырынып, хабарламады деп күдіктеніп отыр, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

24 қыркүйек күні Қарасай аудандық полиция басқармасына Қаскелен қаласының тұрғыны 25 жасар әпкесінің жоғалғаны туралы арызданған, ол бір күн бұрын өзінің «Ниссан Алмера» автокөлігімен кеткен және қайтып келмеген. Із-түзсіз жоғалған әйелді іздеу үшін аудандық және облыстық полиция іздестіру бөлімшелерінің қызметкерлері бағытталды. Сонымен қатар, оның жоғалу жағдайларына байланысты Қарасай аудандық полициясы ҚР ҚК 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Іздеу салынған көлік көп ұзамай Әйтей ауылының маңында жанып кеткен күйінде табылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмысқа күдікті өзінің сыбайласымен бірге ұсталды. Ұсталған адамдар жәбірленушінің мәйіті жерленген жерді көрсеттті, таулы жерден табылған мәйіт эксгумацияланды",- деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Жергілікті тату-салондардың бірінде тату-шебері болып жұмыс істейтін 22 жастағы жас жігіт кісі өлтірді деп күдіктенуде. Қылмыс күдіктінің жұмыс орны бойынша жасалғаны анықталды, оның себебі және барлық мән-жайларын полиция сотқа дейінгі тергеу барысында анықтайды.

"Күдіктінің досы болып табылатын екінші ұсталған адамға ҚР ҚК 434-бабы бойынша айып тағылып отыр, ол қылмыс туралы хабарламағаны үшін жазалауды көздейді. Қазір факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Екі күдікті де қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу ерекше бақылауда", - деп атап өтті облыстық полицияда.

 


Көзі: yunews.kz