Атырау экологтары МӨЗ-ден қара түтіннің шығарылуына баға берді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырау экологтары МӨЗ-ден қара түтіннің шығарылуына баға берді

444

Smiley face

Өткен жексенбіде Атырау мұнай өндіру зауытында шығарынды орын алды. Куәгерлер түсірген видеода зауыт құбырынан 5-10 минут ішінде қара түтін шыққаны көрінеді. Кейін Атырау тұрғындары видеоны әлеуметтік желілерде және Атырау облысы әкімдігінің Telegram чат-арнасында бөлісті. Арыздар жарияланған соң оқиға орнына Атырау облысы экология департаментінің қызметкерлері барды.

"Реакторлық-регенераторлық блокта катализатор айналымының үзілуі себебінен каталитикалық крекинг қондырғысынан шикізат шығып кеткен. Осыған байланысты түтін газдарын тазарту скруббері арқылы регенераторлардың жану өнімдерінің қысқа мерзімді шығарындысы болды. Жану өнімдерінің шығуы бес минут ішінде жүзеге асырылды", - деп хабарлады облыстың экология департаменті.

Экологтар АМӨЗ ЖШС-нің санитарлық-қорғау аймағынан тыс атмосфералық ауаның сынамаларын іріктеп алды және талдау жүргізді. Нәтижесінде белгіленген нормативтен асып түсу байқалмады.

 


Көзі: yunews.kz