Интернет ауылдық жерлерде қолжетімді болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Интернет ауылдық жерлерде қолжетімді болды

444

Smiley face

Интернетке қолжетімділік ауылдық жерлерде таралуда. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі Асқар Жұмағалиев қазіргі уақытта елде қызметтер 117 қала мен 3324 ауылдық елді мекендерде қолжетімді екенін айтты.

2018 жылы Қазақстан ұялы байланыс абоненттерінің саны бойынша дүниежүзілік рейтингте 21-орынға ие болды. Пайдаланушылардың саны 2018 жылы 81,3%-ды құрады және дүниежүзілік рейтингте Қазақстан 45-ші орынға ие болды.

"Ауылдық елді мекендердің Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділігін одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2018-2021 жылдары LTE (4G) желілері мен талшықты-оптикалық желілерінің құрылысы жоспарлануда. Жобаны іске асыру 1 250 ауылдық елді мекенде жоғары жылдамдықты Интернетке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 83 ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық желілер шығарылды. 2019 жылдың соңына дейін 685 ауыл Интернет желісіне қосылады, 2020 жылы тағы 509 ауылды қосу жоспарлануда", - деді А. Жұмағалиев.

Бұдан әрі LTE (4G) ұялы байланыс желісін дамыту арқылы 3 143 ауылды интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда: 2019 жылы – 574, 2020 жылы – 1 046 және 2021 жылы – 1 523. 2020 жылдың соңына дейін 250 және одан да көп тұрғыны бар 880 АЕМ Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі.

Министр алдағы уақытта 50 және одан да көп тұрғыны бар 885 АЕМ-ді қосу жоспарланып отырғанын айтты. 2022 жылдың соңына дейін 5089 ауылдық елді мекен Интернет желісіне қосылады.

Қалған ауылдар үшін спутниктік байланыс технологияларын қолдана отырып интернетпен қамтамасыз етудің техникалық мүмкіндігі қамтамасыз етілетін болады.

"Осы учаскелердегі байланыс сапасын жақсарту мақсатында әкімдіктермен және байланыс операторларымен бірлесіп қосымша базалық станцияларды орнату мәселесі пысықталды. Мысалы, Щучье-Бурабай курорттық аймағында және  Нұр-Сұлтан қ. аумағында әкімдіктермен бірлесіп арнайы діңгекті құрылыстарды орнату мәселесі шешілді. Бұл діңгектерді жеке кәсіпкерлер салатын болады, ал ұялы байланыс операторлары оларға өздерінің базалық станцияларын орнатады. Осыған ұқсас жұмыс Алматы қаласы мен Павлодар облысының әкімдіктерімен басталды. Осы жұмысқа  басқа да облыстық әкімдіктердің белсенді қатысуын ұсынамыз", - деді А.Жұмағалиев.

Президенттің тапсырмасына сәйкес Министрлік Қазақстанда 5G технологиясы бойынша желіні енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

5G ұялы байланыстың тестілік сынақтары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өткізілді, сондай-ақ осы жылдың қазан айында Шымкент қаласында өткізу жоспарлануда.

"Елордада 2021 жылдың соңына дейін Назарбаев Университеті мен ЭКСПО аумағында 5G технологиясын енгізу жоспарланып отыр, 2022 жылы 5G әуежайда, вокзалда, ірі сауда орталықтары мен алаңдарда пайда болуы тиіс. 2023 жылдан бастап еліміздің барлық облыс орталықтарында 5G енгізу жұмыстары жүргізіледі", - деді А. Жұмағалиев.

Осылайша, жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Қазақстан халқының 97%-ы 2022 жылдың соңына дейін кең жолақты Интернетке қол жеткізеді, деп қорытты министр.


Көзі: yunews.kz