Министрлік тарапынан да, прокуратура тарапынан да ешқандай қысым болған жоқ – Тұрғымбаев - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Министрлік тарапынан да, прокуратура тарапынан да ешқандай қысым болған жоқ – Тұрғымбаев

444

Smiley face

Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев Алматы қаласының №4 Қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың ұсталуына түсініктеме берді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының № 4 Қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаев кәсіби міндеттерін тиісінше орындамаған деп күдіктеніп отыр. Медик Алматы полициясы департаменті бастығының ұлы - Нұрсұлтан Күдебаев қайтыс болғаннан кейін тергеуге алынды. Сондай-ақ, осы іс бойынша аурухананың анестезиологы Асқар Тұңғышбаев қамауға алынып, кейін босатылды.

ІІМ басшысының айтуынша, Серік Құдебаев лауазымдық өкілеттігінен аспаған.

«Ең алдымен Ішкі істер министрлігі де, Серік Күдебаевтың ұлы жұмыс істеген прокуратура да тергеу амалдарын жүргізген жоқ. Тергеуді үшінші орган жүргізді. Ол – Экономикалық тергеу қызметі. Министрлік тарапынан да, прокуратура тарапынан да ешқандай қысым болған жоқ. Аталған орган бұл шешімді өзі қабылдады. Ал санкцияны барлық уақытта да тек қана сот береді», - деді Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысынан кейін.


Журналистердің әрбір сәтсіз операциядан кейін дәрігерлерді ұстау туралы сұрағына Ерлан Тұрғымбаев кінәсіздік презумпциясы туралы еске салды.

"Ешкім қылмыс жасады деп айыптала алмайды. Тек сот үкімі бойынша. Егер тергеу органында бұл адам тергеуден жасырынуы мүмкін, не өзінің лауазымдық өкілеттіктерінің салдарынан тергеуге кедергі келтіруі мүмкін деген негіздер жеткілікті болса, күдікті бойынша ұстауға болады. Бұл заңда жазылған. Бұл жағдайда неге осындай шешім қабылданды және неге қамауға алуға санкция берілді, мен сіздерге айта алмаймын, себебі ІІМ тергеу жүргізген жоқ. Бұл істі Экономикалық тергеу қызметі тергеді. Сондықтан да, менің ойымша, сіз оларға сұрақ қоюыңыз керек", - деді Тұрғымбаев.


Көзі: yunews.kz