Ақтөбеде IT-технологиялардың көмегімен мемлекеттік қызметт саласында бос жұмыс орындарын табу үрдісі жеңілдетілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтөбеде IT-технологиялардың көмегімен мемлекеттік қызметт саласында бос жұмыс орындарын табу үрдісі жеңілдетілді

444

Smiley face

Таяуда Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері Департаменті Telegram мессенджерінде елімізде теңдесі жоқ Qyzmet.info атты жобасын (бот) жасап шығарған болатын.

Алайда үміткерлердің қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет саласына жаңа технологияларды енгізу бұнымен шектелген жоқ.

Мемлекеттік қызметте сирек кездесетін білімді талап ететін лауазымдарды іздеуге қатысты сұрақтарымен азаматтардың жиі жүгінетіндігін ескере отырып, Департамент «Мемлекеттік қызмет картасы» - Qyzmet.info веб-сайтын әзірледі.

Бүгінгі күнге дейін мамандарға барлық сәйкес келетін мемлекеттік органдардың біліктілік талаптар жинағынның қағаз нұсқасын қолмен зерделеу қажет болатын.

Веб-сайтты әзірлеудің арқасында аталған үрдістердің ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етілді.  

«Ендігі кезекте пайдаланушылар сайтта өздерінің мамандықтарын көрсете отырып, қай мемлекеттік органдарда тиісті лауазымдардың бар екенін біле алады.

Сондай-ақ, әңгімелесуге арналған үлгілік сұрақтармен танысып, қаладағы барлық мемлекеттік органдардың орналасқан жері туралы толық ақпарат ала алады», - деді Мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.а Бауыржан Оразов. 

Осылайша, бұл жобалар мемлекеттік қызметке іріктеу үрдістерінің ашықтығын қамтамасыз етудегі тиімді құрал болып табылады.

 


Көзі: yunews.kz