Самұрық-Қазына "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК акцияларын 128,2 млн АҚШ долларына сатты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Самұрық-Қазына "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК акцияларын 128,2 млн АҚШ долларына сатты

444

Smiley face

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ акцияларын сатудан 128,2 млн АҚШ доллары түсті. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ 9,8 млн жаһандық депозитарлық қолхатты іске асырды. Оның ішінде, 6,5 млн - халықаралық инвесторлармен, 3,3 млн - ішкі инвесторлармен сатып алынды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор-"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ» АҚ Басқарма мүшесі Ернар Жанәділ хабарлады.

Айта кетейік, 26 қыркүйекте Лондон қор биржасында және "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасында Қордың жетекші компаниясы – "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның жаһандық депозитарлық қолхаттарын қосымша орналастыру өтті.  Барлығы акциялардың 3,8%-ы немесе бір бірлік үшін 13 АҚШ доллары бағасымен 9,8 млн қолхат орналастырылды. Акциялардың құны қор биржаларында ағымдағы нарықтық шарттармен қалыптасты.

"6,5 млн қолхатты халықаралық инвесторлар сатып алды, бұл қазақстандық бағалы қағаздардың инвестициялық тартымдылығының жоғары екенін көрсетеді. Астана биржасында орналастыру есебінен 65,3 млн. АҚШ долллары, Лондон биржасынан -  62,9 млн АҚШ доллары түсті. Жалпы түсім 128,2 млн АҚШ доллары елдің ұлттық қорына жіберіледі", - деп атап өтті Ернар Жанаділ.

Өз кезегінде, "Блумберг" агенттігі қолхаттардың орналастырылуын "сәтті" деп бағалады. Бұл туралы ірі халықаралық инвесторлардың жоғары қызығушылығы айғақтайды. Тек Лондон биржасында ғана АҚШ, Канада және басқа елдердің 40 инвесторы қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ IPO/SPO 2016 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленген жекешелендіру бағдарламасы аясында өтті. Осы құжатқа сәйкес, компаниялардың тиімділігін жақсарту және ашықтығын арттыру үшін "Эйр Астана" АҚ, "ҚМГ" ҰК" АҚ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ,"Қазақтелеком"АҚ халықаралық биржаларға шығуға жатады.

2018 жылғы қарашада IPO аясында "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ акцияларының 15%-ын орналастыру сәтті өтті. Басқа инвесторлардың қатарында Ұлттық банк БЖЗҚ портфеліне ұлттық компанияның 150 млн доллар сомасына депозитарлық қолхаттарын сатып алды, бұл БЖЗҚ-на 21 млрд теңге табыс әкелді. Нәтижесінде "Қазатомөнеркәсіп" бағалы қағаздары Ұлыбританияның қаржылық бақылау басқармасының ресми тізіміне енгізілді және ЛБҚ және AIX (АХҚО) сауда-саттығына жіберілді. Орналастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарының бір бөлігі болып табылады.


Көзі: yunews.kz