Нұрымбетов "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жылыжай сыйлады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұрымбетов "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жылыжай сыйлады

444

Smiley face

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанның барлық зейнеткерлерін Қарттар күнімен құттықтап, ҰОС-да фашизмді жеңуге, Қазақ КСР-нің дамуына және тәуелсіз Қазақстанның жас буынын тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Астананың 100 жастағы тұрғынына жеке өз алғысын білдірді. Сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі "Шарапат "әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ зейнеткерлеріне арнап жылыжай сыйға тартты, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек ардагерлері және аса құрметті зейнеткерлер, Сіздерді Қарттар күнімен – даналық пен мейірімділік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Аға ұрпақ адамдары - бұл еліміздің алтын қоры, патриотизм, іске адалдық, асқан шыдамдылық пен оптимизм үлгісін болатын дәстүрді сақтаушылар. Осы тамаша және жарқын мерекеде Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, бейбітшілік пен амандық тілеймін! Әр күндеріңіз махаббат пен мейірімге толы болсын!",- деді Біржан Нұрымбетов.

Smiley face

Министр осы жарқын мерекемен Нұр-Сұлтанның 100 жастағы тұрғыны Александр Петрович Туркинді жеке құттықтады. Бұл адамның өмір тарихы үлкен құрметке лайық. Ол Ұлы Отан соғысынан өтті, көптеген марапаттары бар, лайықты балалар, немерелерін тәрбиелеп, шөберелерін өсірді. Біржан Нұрымбетов зейнеткерге оның Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін алғыс айтып, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі, сондай-ақ бағалы сыйлықтар сыйлады.

Smiley face

Қарттар күні қарсаңында Біржан Нұрымбетов "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де болды. Министр әлеуметтік ұйымда тұратын зейнеткерлерге олардың дастарханында өз күшімен өсірілген жаңа піскен көкөністер үнемі болуы үшін жылыжай сыйға тартты.


Көзі: yunews.kz