Қарағанды әкімдігі жекеменшік балабақшалардың бағасын бақылайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды әкімдігі жекеменшік балабақшалардың бағасын бақылайды

444

Smiley face

Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров жекеменшік балабақшалардың бағасын бақылауды тапсырды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің сайты. Бүгін қалалық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте сапалы мектепке дейінгі білім беру мәселесі талқыланды.

Қазір облыс орталығындағы балабақшаларда үш жастан алты жасқа дейінгі барлық балалар үшін орын жеткілікті. Алайда жақын болашақта сұраныс өсуі мүмкін.

"Бұл мәселелерді қазір шешу керек. Аудандардың жүктелу картасын әзірлеу қажет. Мысалы, Оңтүстік-Шығыста үйлер салынуда. Жаңа құрылыстағы пәтерлерді көп жағдайда жас отбасылар балаларымен сатып алады. Содан кейін бұл балалар өседі, оларға мектепке бару керек болады. Бұл туралы қазір ойластыру керек, бизнесмендерді осы аудандарда жекеменшік балабақшалар мен мектептер ашуға ынталандыру керек", - деді Нұрлан Әубәкіров.

Аудандардың жүктелу карталары коммуналдық кәсіпорындарға қажет болған жерлерде инженерлік желілердің қуатын алдын ала арттыру үшін беріледі.

Қала әкімі сондай-ақ жекеменшік балабақшаларда қызмет көрсету сапасы мен бағасын бақылауды тапсырды. Қазір Қарағандыда ата-аналар үшін жеке және мемлекеттік балабақшаларға бару құны бірдей және ол 11 000 теңгеге тең. Әр балаға тағы 27 000 теңге қалалық бюджеттен төленеді. Жалпы мемлекеттік тапсырыс сомасы жылына шамамен 2 млрд теңге.

"Қазір жекеменшік балабақшалардың кейбір иелері оларға ата-аналар мен мемлекет төлейтін ақша аз екенін айтады. Жақсы, солай-ақ болсын. Бірақ олар мұны дәлелдесін. Өзінің қаржылық қызметі туралы толық және ашық есеп берсін. Бұл мемлекеттік ақша болғандықтан, оларға үш есе  бақылау қажет", - деп атап өтті Нұрлан Әубәкіров

 Сонымен қатар, ол қол астындағыларға кәсіпкерлерді жаңа мектепке дейінгі мекемелерді ашуға тарту қажеттілігі туралы еске салды. Егер олардың саны көп болса, онда адамдар ең жоғары сапалы қызмет көрсететін балабақшаны  өздері таңдай алады.

Қазір облыс орталығында 109 балабақша мен шағын орталықтар жұмыс істейді. Оның 58-і – мемлекеттік, 51-і – мемлекеттік тапсырыс алатын жекеменшік.


Көзі: yunews.kz