БАСҚАНЫҢ ЕСЕБІНЕН ЖӨНДЕУ - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

БАСҚАНЫҢ ЕСЕБІНЕН ЖӨНДЕУ

444

Smiley face

Қалалық фирмалардың біріне экспедитор ретінде жұмысқа тұрған ер адам бірінші жалақысын күтпеуге шешім қабылдаған. Алғашқы күннен бастап бір ай ішінде ер адам өз қажеттіліктеріне 318 мыңнан астам теңге жұмсаған, деп хабарлайды Павлодар қаласы ПД баспасөз қызметі.

Облыс орталығы тұрғынының міндеті қаланың дүкендеріне күнделікті тауарды - косметика және тұрмыстық химияны тасымалдау болатын.

Тауар үшін түскен қолма-қол ақшаны 30 жасар ер адам өзіне қалдырып, бухгалтерияға тауар негізінен консигнацияға берілді деп есеп берген. Ал ақшаны машина мен үйді жөндеуге жұмсаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Көзі: yunews.kz