Сенгенім сен болсаң... - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Сенгенім сен болсаң...

444

Smiley face

Павлодар полицейлері қаланың бір ЖШС-не тиесілі миллиондаған қаржыны жұмсап жіберген  31 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Павлодар қ. ПД баспасөз қызметі.

Мән-жайларды анықтау барысында анықталғаны, бір ЖШС-нің иесі ұзақ мерзімге басқа елге кетуіне байланысты ұйымның салықтарын төлей алмайтын болған. Және оған ұйымның банктік шотына әр түрлі фирмалардан түсетін ақша қаражатын қадағалайтын және қажет болған жағдайда салықтарды төлейтін адам қажет болды. Жәбірленушінің бұл ұсынысын бухгалтер болып істейтін таныс қыз қабылдайды, олар бір-бірімен бір жыл ғана таныс екен. Онымен келіскеннен кейін жәбірленуші шот логині мен паролі жазылған флеш-карта берген. Ол басқа елге кеткен соң тұрақты түрде қоңырау шалып, танысынан фирманың шотына түскен қаражат бар-жоқтығын сұрап отырған, алайда әрдайым аударымдар болған жоқ деген жауап алған.

Ағымдағы жылдың тамызында кәсіпкер әйел қалаға қайтып келді, және қыркүйек айының соңында ол банкқа барады, ол жерде ұйымның шотына 2 млн теңгеден астам ақшалай қаражат түскенін, бірақ олардың барлығын алаяқ «танысы» анасының шотына аударғанын білді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеудің толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.


Көзі: yunews.kz