Қазақстандықтар үш күн ішінде iPhone-ның жаңа модельдерін 700 мың теңгеден сатып алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандықтар үш күн ішінде iPhone-ның жаңа модельдерін 700 мың теңгеден сатып алды

444

Smiley face

Kcell ұялы операторының баспасөз қызметі хабарлағандай, телефондардың жаңа модельдері сатылған дүкендерде қазақстандықтар арасында құны 649 990 және 704 990 теңгені құрайтын iPhone 11 Pro және Pro Max телефондары ең үлкен сұранысқа ие болды. Қазіргі уақытта үлкен кезек тудырған бұл модельдерге тек тапсырыс беру арқылы ғана қол жеткізуге болады.

"Қазақстанға бөлінген смартфондардың шектеулі партиясына байланысты старт кезінің өзінде өте жоғары сұраныс қалыптасты. Сонымен қатар, Kcell Қазақстандағы жалғыз авторизацияланған оператор бола отырып, қыркүйекте өте ірі партия алды. IPhone жаңа моделінің айналасындағы дүрлікпенің жоғары болғаны соншалықты, сатып алушылар  өзіне қажетті модельге алдын ала тапсырыс берген бетте сату басталған күні оны сатып алу үмітімен біздің байланыс салондарына кезекке тұрды. Бұл соңғы үш жылда жаңа iPhone сатылымының ең табысты бастамасы болды", - деді "Kcell" АҚ бұқаралық нарықты дамыту департаментінің директоры Хикматулла Насритдинходжаев.

Сарапшылардың мәліметінше, сату күні өткізілетін акциялар, атап айтқанда тиімді тарифті қосып, телефонды бөліп сатып алу мүмкіндігі айтарлықтай дәрежеде табысқа ие болды.


Көзі: yunews.kz