Егде жастағы қазақстандықтарды әлеуметтік қолдауға 7 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Егде жастағы қазақстандықтарды әлеуметтік қолдауға 7 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

444

Smiley face

Қазақстанда 7 млрд теңгеден астам қаржы егде азаматтарды әлеуметтік қолдауға жұмсалады.   Қарттар күнін мерекелеу аясында бір жолғы материалдық көмекке 3,2 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Сонымен қатар, 1,2 млрд теңге санатория-курорттық емделуге, 1 млн - нан астам теңге қоғамдық көлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, тіс протездеуге бағытталады. Басқа да көмек түрлеріне 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлу жоспарлануда, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жасы бойынша 2 млн 190 мыңнан астам зейнеткер тұрады.  Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жыл сайын 1 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда бекіткен халықаралық қарттар күні атап өтіледі.  

Оны мерекелеудің мақсаты – егде жастағы адамдардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару, қоғамның демографиялық қартаю проблемасы, қарт адамдардың жеке және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың қоғамның дамуына қосқан үлесі туралы жұртшылықты ақпараттандыру деңгейін арттыру, егде жастағы адамдардың қоғам өміріне қатысуын қамтамасыз ету, ішкі әлеуетті іске асыру үшін жағдай жасау.

Бұл күні республикада барлық жерде қарт адамдарға қамқорлық көрсетуге арналған іс-шаралар өткізілуде.


Көзі: Yunews.kz