Батыс Қазақстан облысының әкімі тұрғындаврға пәтер кілттерін тапсырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Батыс Қазақстан облысының әкімі тұрғындаврға пәтер кілттерін тапсырды

444

Smiley face

Орал қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа 216 пәтерлік 9 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі, «Nur Otаn» партиясының БҚОФ төрағасы Ғали Есқалиев жаңа қоныс иелерін құттықтады.

Салтанатты ашылуда облыс әкімі Ғали Есқалиев құттықтау сөз сөйлеп, әрбір отбасының өміріндегі осындай қуанышты сәттер мәңгі есте қалатынын атап өтті.

- Әр адамның өмірінде естен кетпес қуанышты оқиғалар бар. Баланың тууы, бірінші сынып, өз отбасын құру – естен кетпес ұмытылмайтын сәттер. Бүгінде біздің облысымыздың 216 отбасы үшін осындай күндердің бірі. Бұл қазіргі заманғы үйде 72 пәтерлерде көп балалы отбасылар тұратын болады, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін 29 пәтер қарастырылған. Басқа пәтерлерді тұрғын үйге кезекте тұрған отбасылар алады.  Сіздердің пәтерлеріңізде, әр отбасында бақыт пен қуаныш орнауын тілеймін, - деді облыс әкімі.


Көзі: Yunews.kz