Ер адам жұмыс берушімен қақтығысқа байланысты кеңседе өзін өртеп жібермек болған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ер адам жұмыс берушімен қақтығысқа байланысты кеңседе өзін өртеп жібермек болған

444

Smiley face

«Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері ер адамды өзін өртеуден құтқарып қалды», деп хабарлады қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полициядан хабарлағандай, сағат 16.30-да «102» арнасына Қабанбай батыр даңғылында орналасқан кеңседе белгісіз ер адам бензинмен кіріп, өзін өртемекші екені туралы шұғыл хабар түскен.

Шақырту орнына жедел келген патрульдік полиция қызметкерлері ер адамды тоқтатып, қайғылы оқиғаның алдын алды. Ер адам полиция бөліміне жеке басын анықтау және одан әрі медициналық қарау үшін жеткізілді.

Өз қылығын ол жұмыс берушімен қақтығысқа байланысты түсіндірген. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, ер адам мас күйде болған.

Аталған факті бойынша 30 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 440 бабы (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу) және 434 бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік материалдар жасалды.


Көзі: Yunews.kz