Деревянченко Головкинмен кездесуге бес күн қалғанда шулы мәлімдеме жасады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Деревянченко Головкинмен кездесуге бес күн қалғанда шулы мәлімдеме жасады

444

Smiley face

 

Осы жексенбі күні рингте Геннадий Головкинмен кездесетін украиндық боксшы Сергей Деревянченко жеңіске деген ынтасын білдірді, деп жазды Sports.kz.

Боксшы алдағы жекпе-жекті өз мансабындағы ең қиын кездесу деп санайды.

"Геннадий - фантастикалық жауынгер, мен оны өте құрметтеймін. Бірақ, мен  жеңілмейтініне сенемін. Мен әлем чемпионы боламын", - деді украиндық боксшы.

Деревянченко бүкіл әлемге Украинадан келген супержұлдыз және чемпион екенін дәлелдеуді жоспарлап отыр, деп жазады басылым.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жексенбі күні таңертең қазақстандық телеарналарда IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы бос белдеуі үшін кездесуге дайындықты аяқтағаны туралы хабарлаған болатын.


Көзі: Yunews.kz