Тоқаев пен Лукашенко Ереванда екі елдің ынтымақтастығын талқылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Тоқаев пен Лукашенко Ереванда екі елдің ынтымақтастығын талқылады

444

Smiley face

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес алаңында Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Ақордада хабарлағандай, кездесу барысында Президенттер екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

Сауда-экономикалық қатынастар мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, Тоқаев Александр Лукашенконың Қазақстанға алдағы сапарының маңыздылығын атап өтті.

"Біз сіздерді ресми сапармен күтеміз, оған дайындаламыз. Біздің мемлекеттер арасындағы қатынастар стратегиялық сипатқа ие. Қазақстанда беларусь халқына оның тарихын, мәдениетін және менталитетін құрметтей отырып ерекше қарайды", - деді ол.

Өз кезегінде Лукашенко Қазақстанға алдағы сапары екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің басталуы болатынын атап өтті.

"Мен ЕАЭО аясындағы бүгінгі ынтымақтастық үшін сізге өте ризамын. Біз бірыңғай ұстанымнан шығамыз. Қазақстанда өте сындарлы ұстаным бар. Сондықтан біз ынтымақтастығымызды дамытуға бел будық. Біз қарым - қатынастарымызды тереңдете түсуге бағыттадық", - деп атап өтті ол.


Көзі: Yunews.kz