Ер адам екі сәбиімен терезеден секіріп кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ер адам екі сәбиімен терезеден секіріп кетті

444

Smiley face

Ер адам мен екі бала Саратов қаласындағы көп қабатты үйден құлап кетті, деп хабарлайды РИА Новости РФ облыстық тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Ер адам мен екі бала көп қабатты үйден құлап кеткен. Сол жерде біздің қызметкерлеріміз жұмыс істеуде, барлық жағдайлар анықталады, - деді тергеу басқармасының өкілі.

Аймақтық денсаулық сақтау министрлігінен хабарлағандай, ер адам мен бір бала оқиға орнында қаза тапқан.

- Тағы бір бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды, - деп атап өтті денсаулық сақтау министрлігі өкілі.

Өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Татьяна Загородняя қаза тапқан ер адамның екі баланың әкесі екенін айтты.

- Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам - балалардың әкесі. "Балалар - бір жастағы ұл және төрт жастағы қыз бала, - деді Загородняя.


Көзі: Yunews.kz