"Қазақстан" РТРК Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың жекпе-жегін көрсетеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"Қазақстан" РТРК Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың жекпе-жегін көрсетеді

444

Smiley face

6 қазанда қазақстандық бокс әуесқойлары Нью-Йорктен (АҚШ) Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) және Сергей Деревянченконың (13-1, 10 КО) жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалай алады.

 Жекпе-жекте қарсыластар орташа салмақтағы екі титулға таласатын болады. IBF белбеуінен басқа, боксшылар IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына таласады.

Шоудың андеркартасында жеті жекпе-жек мәлімделді - олардың бірінде қазақстандық Али Ахмедов (15-0, 11 КО) өнер көрсетеді, ол екінші орташа салмақ аясында американдық Эндрю Эрнандеспен (20-7-2, 7 КО) қолғап түйістіреді.

Қазақстанда жекпе-жектерді «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде ұсынады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 6 қазан күні таңертең басталады. 

Сонымен қатар, телерадиокорпорация қазақстандық көрермендерге кездесулерді qazaqstan.tv және qazsporttv.kz cайттары арқылы, «QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы онлайн тамашалау мүмкіндігін ұсынып отыр.


Көзі: yunews.kz