Иванов облысында ҰОС мерт болған қазақстандықтарың мәйітітабылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Иванов облысында ҰОС мерт болған қазақстандықтарың мәйітітабылды

444

Smiley face

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі 1941-1945ж. Ұлы Отан соғысында мерт болған қазақстандықтардың мәйіті мен Ресей Федерациясы Иванов облысы аумағында жерленгені жайлы мәлімет алды. Мәлеметтер Иванов облысының әскери комиссариатындағы әскери жерленгендер есебіндегі деректерден алынып, Ресейдің Қорғаныс министрлігінен Қазақсатан Қорғаныс министрлігінің мекенжайына жіберілген. Тізімде 73 қазақстандық бар. Қазақстанның әртүрлі облыстары, қалалары мен аудандарының қатардағы жауынгерлері, ефрейтрлер, сержанттары, капитандары мен старшиналары Иванова, Комсомольск, Кохма, Пучеж, Кинешма, Тейкова қалаларының, сонымен қатар Иванов облысындағы №1-ші және 2-ші зираттарындажерленген. Осыған дейін жауынгерлердің қаза болған жерлері мен мәйіттерінің орны белгісіз болды. Аталмыш мәліметтер қазақстандықтарға жақындарын табуға септігін тигізуі мүмкін. Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен еліміздің өңірлеріндегі жергілікті әскери басқарма органдары арқылы қаза болған жауынгерлердіңтуған-туыстарын іздеу жұмыстары жүргізіледі.


Көзі: yunews.kz