Алматы және Жамбыл облыстарында жол қауіпсіздігі күшейтілуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы және Жамбыл облыстарында жол қауіпсіздігі күшейтілуде

444

Smiley face

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ Алматы және Жамбыл облыстық полиция Департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп қауіпті аймақтар және жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жол учаскелерінде «жол-патрульдік полиция» көлігінің макеттерін орнатты.

Бұл іс-шара республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын асырмау үшін ұйымдастырылуда.

Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша 5 макет, ал Жамбыл облысында 4 макет жол жиегіне қойылған. Алдағы уақытта мұндай макеттерді еліміздегі барлық республикалық маңызы бар автожолдардың бойында орнату жоспарланған

Smiley face
Smiley face


Көзі: yunews.kz