Елордада оқушылар арасында күзгі әскери-патриоттық ойындары өтеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордада оқушылар арасында күзгі әскери-патриоттық ойындары өтеді

444

Smiley face

Бүгін Нұр-Сұлтанда Жастар жылына арналған, «Jas sarbaz – Jastar jylynda» күзгі әскери-патриоттық ойындары басталды, оған қала мектептерінің үздік жас сарбаздары қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігнің ресми сайты.

Ойындар 2019 жылдың 2-4 қазан аралығында елордадағы №68665 әскери бөлімінде өтеді. Жарыс Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» ресурстық орталығы, Қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы елордалық филиалының ұйымдастыруымен өтеді. Шара барысында жас өрендерге әскери өмірдің қыр-сырлары таныстырылып, патриоттық тәрбиелелуге бағытталған жарыстар ұйымдастырылады.

Әскери-патриоттық ойынның ашылуына ҚР Қорғаныс министрлігі, Нұр-Сұлтан қ. Қорғаныс істері департаменті, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму басқармасының және «Астана жастары» КММ орталығының, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының өкілдері, сондай-ақ олимпиада чемпиондары мен эстрада жұлдыздары қатысады.


Көзі: yunews.kz