Ұлттық банк үкі бейнесіндегі гауһар қондырмасы бар монета шығарды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ұлттық банк үкі бейнесіндегі гауһар қондырмасы бар монета шығарды

444

Smiley face

Ұлттық банк үкі бейнесіндегі гауһар қондырмасы бар монета шығарды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

 «ÚKI» коллекциялық монеталар «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясына жатады. Номиналы 5 000 және 500 теңгелік күмістен жасалған, номиналы 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан жасалған монеталар.

Дизайн бейнеленетін жануардың натуралистік және трафареттік түрін «сақ жануар стиліне» аллегориялық тұрғыдан үйлестіріп көрсетуге негізделген.

Үкі көптеген мәдениетте даналық, білім, жасырын мүмкіндіктер мен бірегей пайым нышаны болып табылады. Көшпенділер үкіні қасиетті құс деп есептеген. Бұл наным үкінің адамдарды жыннан күзетуге ықпал ететін, даналықты паш ететін құс ретіндегі рөлін түсінуге байланысты.


Көзі: yunews.kz