«Алтын адам» Малайзия жұртшылығына таныстырылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Алтын адам» Малайзия жұртшылығына таныстырылды

444

Smiley face

"Ұлы дала: тарих және мәдениет" көрмесі Куала-Лумпурдағы Малайзия музейлерінің департаментінде ашылды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі. Көрме 2019 жылғы 1 қазан мен 31 қазан аралығында "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық жобасы аясында өтеді.

Көрменің мақсаты - шетелдік көрермендерді Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру. Көрмеде Қазақстан Республикасының символы – "Алтын адам"  таныстырылды.

Smiley face

Малайзия музейлерінің департаментіндегі көрмеден киімі алтын жапсырмалы және жебе, қар барысы, арқар, жылқы және құс түріндегі алтын тілімшелер әшекейлеп тұрған конус пішінді ерекше бас киімді Алтын адамның реконструкциясын және осы жас ақ сүйек сақ жауынгерімен (археологтардың пікірлері бойынша 17-18 жастар шамасында) бірге жерленген ерте темір ғасырының (б.д.д V-IV ғғ.) археологиялық олжаларының коллекциясын тамашалауға болады.

Жарты ғасыр өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты халықаралық турне жариялады. Бұл жоба аясындағы ауқымды шара: Беларусь, Ресей, Әзербайжан, Қытай, Польша, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Солтүстік Македония және Түркия музейлеріндегі көрмелерде үлкен жетістікпен өтті.

Smiley face

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан барлығы 346 зат ұсынылды. Көрмеге ұсынылған Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық өнерінің жауһарлары – бұл Еуразия дала мәдениеті мұрасының өзіндік ерекшелігін көрсететін бұрынғының атаусыз шеберлері туындыларының аз ғана бөлігі

Smiley face


Көзі: yunews.kz