Түркістанда медиаорталық ашылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркістанда медиаорталық ашылады

444

Smiley face

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Түркістан қаласындағы медиаорталықтың құрылыс алаңында болды, деп хабарлайды оңтүстік астананың сайты.

Бұл Алматының еліміздің рухани астанасына жасаған сыйлығы. Ол қаланың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында аяқталған алғашқы нысан болады. Түркістан медиаорталығы Астаналық "Қазмедиа орталығы" ТРК-дан кейінгі екінші орталық болмақ.

Smiley face

Бүгінгі таңда Қазақстанның басқа медиаорталықтары қайта жабдықталған үй-жайларда орналасқан. Жаңа құрылыс ғимараты толығымен шынымен қапталған. Оның алаңы – 3000 ш.м. астам. Мұнда облыстың барлық телеарналарының, газеттерінің және радиосының редакциялары орналасады. Өңірге түркі тілдес елдердің ірі БАҚ өкілдерін шақыру жоспарлануда.

Smiley face

Жобаның жалпы құны - 4,8 млрд теңге. Сонымен қатар, жабдықтың құны 2 млрд теңгені құрайды.

Құрылыс-монтажтау жұмыстары 2019 жылдың ақпан айында басталды. Құрылысты аяқтау 2019 жылдың қазан айына жоспарланған. Соңғы кезең барлық қажетті жабдықты толық орнату болады.


Көзі: yunews.kz