Алматыда Қорғаныс істері басқармасы мен Полиция басқармасының лауазымды тұлғалары алаяқтық жасады деп айыпталуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда Қорғаныс істері басқармасы мен Полиция басқармасының лауазымды тұлғалары алаяқтық жасады деп айыпталуда

444

Smiley face

Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бөлім бастығының міндетін атқарушы және Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасы кезекші бөлімінің инспекторы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасуды деп күдіктенеді, деп хабарлайды Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі.

"Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар бола отырып, олар әскери қызметтен кейінге қалдыру және азаматтарға әскери билет беру арқылы жалпы сомасы 470 мың теңге көлемінде алаяқтық жолмен ақша қаражатын бірнеше рет иемденуде деп күдіктенеді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс прокурорға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені қарау үшін жолданды. Күдіктілерге қатысты олардың кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады


Көзі: yunews.kz