Елорданың жаңа құрылыстарында 80 лифтті ауыстыру қажет - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елорданың жаңа құрылыстарында 80 лифтті ауыстыру қажет

444

Smiley face

Тұрғын үйлерді тапсыру кезінде құрылыс салушылар лифтілерді орнатпаған және өрт дабылы жүйесін ойластырмаған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.

Мәселен, елордада 14 компания көтергіштердің тиісті саны жоқ көпқабатты үйлерді  пайдалануға енгізген: мысалы, "Медина" ТК, "Талапкер" ТК, "Экодом" ТК.

20 көппәтерлі тұрғын үйде 74 лифт жұмыс істемейді. Лифттерді тексеру кезінде 80 лифтті ауыстыру қажет екендігі анықталды. Сонымен қатар тариф пайдалану шығындарымен қоса күрделі жөндеу жұмыстарын да өтей алатындығы анықталды.

"Экодом" тұрғын үйі 8 қабатты, былтыр пайдалануға берілді. Алайда үйдің лифттері іске қосылмаған. Бұл тұрғындар үшін қолайсыз. Тағы бір мәселе – өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталмауы. Үйлер өрт сөндіру шкафтарымен жабдықталмаған, өрт дабылының ақаулары бар", - деді А.Көлгінов.

Елорда әкімі барлық кемшіліктерді қысқа мерзімде жою қажеттігін атап өтті


Көзі: yunews.kz