Археологтар СҚО-да таңқаларлық жаңалық ашты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Археологтар СҚО-да таңқаларлық жаңалық ашты

444

Smiley face

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Facebook-тегі парақшасында  Шыңғысхан ұрпақтарының табылған көне кесенелері туралы жазды.

"Тарихи жаңалық археология әлемінен келді. Уәлиханов ауданында археологтар XIV ғасырға жататын 7 кесене тапты. Ғалымдардың мәліметтері бойынша, Алтын Орданың тұрақтары Жошы хан (Джучи-хан) әулетінің өкілдеріне тиесілі. Сондай-ақ онда алтын әшекейлер, шеберханалардың қалдықтары, күйдіру пештері мен керамикалық ыдыстар, арықтардың іздері табылды", - деп жазды аймақ басшысы.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойы қарсаңында бұл оқиғаның рухани және мәдени маңызы зор.

Smiley face

Бұл жаңалық белгілі академик Әлкей Марғұланның Солтүстік Қазақстан аумағында ортағасырлық қалалық мәдениет ескерткіштерінің бар екендігі туралы ежелгі гипотезасын растайды.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ және "Margulan centre" археологиялық экспедициясы  еліміздің ортағасырлық тарихын зерттеуге баға жетпес үлес қосты. Жаңалықты әлемдік ғылымда белгілі еліміздің жетекші археологтары ашты. Олар – әлемге әйгілі Үржар ханшайымы артефактін ашқан танымал ғалым, орта ғасыр маманы Тимур Смағұлов, сондай-ақ Ботай мәдениетін алғашқы ашушылардың бірі, Солтүстік Қазақстан профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Анатолий Плешаков.

"Мәдени-мемориалдық сәулет ескерткіштерінен басқа, ғалымдар жерді археологиялық барлау және ұшқышсыз ұшу аппараттарынан спутниктік суреттер мен аэрофототүсірілім материалдарын талдау барысында бөгеттер мен арықтар түріндегі ежелгі ирригацияның көптеген іздерін, су көтеру тетіктерінен керамикалық ыдыстардың сынықтарын анықтады. Дамыған отырықшы егіншіліктің куәліктері мұнда қоныстар мен қалашықтардың орналасуын көрсете алады", - деп айтады  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да.

Smiley face

 Алтын Орда көшпенділерінің халқын зерттеу бойынша археологиялық экспедиция 2028 жылы жалғасатын болады. Зерттеулер СҚО, Павлодар және Ақмола облыстарының әкімшілік шекарасында орналасқан Селеті өзенінің төменгі ағысының барлық алқабын қамтиды.


Көзі: yunews.kz