Медеуге сыйымдылығы үлкен жаңа автобустар жүретін болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Медеуге сыйымдылығы үлкен жаңа автобустар жүретін болады

444

Smiley face

Алматыда сыйымдылығы үлкен 10 жаңа автобус тестілік режимде №12 маршрутқа  шығарылады, деп хабарлайды қаланың сайты.

Автобустар "Қазақстан" қонақ үйінен (Достық д. бұрышы-Құрманғазы к-сі) "Медеу" мұз айдынына дейін қатынайтын болады. Машиналар сығылған (компримирленген) табиғи газбен (CNG) жұмыс істейді, сондай-ақ кондиционерлермен және бейнебақылаумен жабдықталған.

Тасымалдаушы компанияның хабарлауынша, автобустар қалалық жолаушылар тасымалы үшін арнайы әзірленген. Олар үлкен сыйымдылығынан басқа, төмен еденді конструкциясымен ерекшеленеді. Сыйымдылығы - 104 адам, 22 отыратын орын және мобильдігі төмен адамдар үшін 3 орын бар.

"Алматыэлектротранс" келесі кезеңде әуежайды қалалық шағын аудандармен байланыстыратын № 92 бағыттағы автобустарды жаңартады.


Көзі: yunews.kz