Жалақы бар, аударымдар жоқ - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жалақы бар, аударымдар жоқ

444

Smiley face

Осы және басқа да фактілер пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру мәселесін зерттеу барысында ашылды. Қадағалау органы белгілі бір ұйымдар мен қызметтердің сотталушыларды әлеуметтік бейімдеу және оңалтуды қалай жүзеге асырады деген мәселені мұқият зерделеуді шешті. Және анықталғандай, қазіргі уақытта жұмысқа орналасу мәселесі ақсайды, бұл іс жүзінде қайта қылмыстың өсуіне алып келеді.

"Мысалы, ағымдағы жылы пробация есебі бойынша 3176 сотталған адам өтті, 66 қайталап қылмыс жасау тіркелді, олардың 54%-ын жұмыссыз адамдар жасаған, бұл ретте, қайталанған қылмыстың 15%-ын босатылғаннан кейін шамамен алғашқы үш-төрт айда бұрынғы сотталғандар жасайды. Негізінен, осы кезеңде олар жұмыс іздейді және жұмыспен қамтылмаған соң, өз беттерінше әрекет етеді. Тиісінше, оларды жұмысқа орналастыруға ерекше назар аударылуы керек", - деп хабарлады Ақтөбе облысының прокуратурасында,

Бірақ талдау осы бағыттағы елеулі кемшіліктерді көрсетті. Егер бір жағдайларда мемлекеттік аппараттың сапасыз жұмысы себеп болса, онда басқа жағдайларда есепте тұрғандардың өздері ұсынылған жағдайда жұмысқа орналасқысы келмейді. Басқаша айтқанда, олар азғантай «тиын-тебенге» сантехник және аулу тазалаушы болып жұмыс істегісі келмейді.

Сонымен қатар, прокурорларды пробациялық бақылауда тұрған жұмысқа орналастырылған және жұмыссыз тұлғалар бойынша мәліметтер алаңдатады.

"Мысалы, квота бойынша жұмысқа орналасқан 247 адамға Астана мен Алматы аудандарының есеп беретін пробация қызметінің халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы зейнетақы аударымдары жүргізілмеген, яғни олар нақты түрде жұмысқа орналаспаған. Сондай-ақ, пробация сотталғандарға ағымдағы жылға бөлінген 483 жұмыс орындарына квота тиісті деңгейде орындалмайды. Сонымен қатар, кейбір аудандар жұмыс орындарының квотасы бойынша бір де бір адамды жұмысқа орналастырмаған, ұсынылған жұмыстан 150-ден астам сотталушы бас тартты", - деп атап өтті прокуратурада.

Осыған байланысты қадағалау органы уәкілетті органдардан сотталғандар үшін жұмыс орындарының квоталарын қайта қарауды, квота бойынша жұмыс жалақысының мөлшерін аудан бойынша орташа айлық жалақы деңгейінен төмен емес белгілеуді, сондай-ақ әкімдіктер көрсететін көмек сапасын жақсартуды талап етеді.


Көзі: yunews.kz