Бір адамға – алғыс, екіншісіне – айыппұл - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бір адамға – алғыс, екіншісіне – айыппұл

444

Smiley face

Ақтөбе қаласы патрульдік полиция батальонының сержанты Әсет Зайнуллин қызмет бабында парадан бас тартқаны үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Ол жұмыс барысында рульге мас күйде отырған әйелді ұстаған. Әйел хаттама толтырмауды өтініп, оған 5 мың теңге ұсынған. Патрульдік полиция батальонының сержанты Әсет Зайнуллин парадан бас тартқан. Келесі күні әйел өзінің әрекетін жалғастырады. Ол Әсет Зайнуллиннің ұялы телефонының нөмірін біліп, оның балансын 5 мың теңгеге толықтырады.

Нәтижесінде әйелге сот арқылы 505 мың теңге айыппұл салынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күре қызметі патрульдік полиция батальонының сержанты Әсет Зайнуллинге табыс еткен Алғыс хатта алғыс сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу үшін жарияланатыны жазылған.

Ал 26 жастағы бұрынғы жол полициясы Нұрбақытберген Темірхановқа мұндай марапат берілмейді. Оған қатысты сот 50 мың теңге пара алғаны үшін 1,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарды.

Себебі, өткен айда аға сержант Темірханов ЖКО орнынан бой тасалаған бұзушыны ұстаған.  Ол оған хаттама жасауды ұсынады, ал ол үшін полиция қызметкері жоғарыда аталған соманы талап еткен.

Тәртіп бұзушы қажетті соманы алып келу үшін кетіп қалды, бірақ осы уақыт ішінде тиісті органдарға хабарласады.  Нәтижесінде Нұрбақытберген Темірханов пара алу кезінде қолға түсті.

Салынған айыппұлдан басқа, сот оны атағынан да айырды. Сонымен қатар, тиісті шаралар қолдану үшін сот өзінің жеке қаулысымен Ақтөбе облысының полиция департаменті бастығының назарын полиция департаментінің лауазымды тұлғалары жол берген заң бұзушылықтарды жоюға аударды. 


Көзі: Yunews.kz