Оралда әйел адамның мәйіті табылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Оралда әйел адамның мәйіті табылды

444

Smiley face

Батыс Қазақстан облысында қыздың денесі табылды. Ол Бәйтерек ауданы Жайық кенті маңында Жайық өзенінен табылды. Полиция бұл 2018 жылдың қазан айында үйінен шығып, жоғалып кеткен 19 жасар студент қыздың мәйіті болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Полиция мәлімдегендей, қазіргі уақытта қайтыс болған адамның жеке басын анықтау үшін геномдық сараптама жүргізіліп жатыр.

«Мәйіт судан табылды. Оны тану мүмкін емес, ол бөлшектеніп кеткен. Киім мен ұялы телефон Оралдан хабар-ошарсыз жоғалып кеткен студент қызға тиесілі.

Бірақ, жеке тұлғаның сараптама мәліметтерін алғаннан кейін ғана расталатын болады», - деді БҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Ербол Бердешов.

Полиция хабарлағандай, биыл БҚО-да 44 адам із-түзсіз жоғалып кеткен, оның алтауы әлі күнге дейін табылмады.


Көзі: Yunews.kz