Қарағанды облысының тұрғыны «Жедел жәрдем» бригадасына шабуыл жасаған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысының тұрғыны «Жедел жәрдем» бригадасына шабуыл жасаған

444

Smiley face

 

Мас ер адам шанышқыны әйелінің құлағына тығып, «Жедел жәрдем» бригадасын көмекке шақырған. Алайда, зардап шеккен әйелді қарау үшін фельдшерлерді пәтеріне кіргізгісі келмеді. Оның орнына мас еркек дәрігерлердің өзіне шабуыл жасап, «Жедел жәрдем» арнайы көлігін кірпішпен зақымдап тастаған.

Оқиға 27 қыркүйекте Қарағанды облысының Шахтинск қаласында орын алды. Жедел медициналық жәрдем диспетчерінің пультіне ер адамнан әйелінің құлағына шанышқыны тығып алғаны туралы қоңырау келіп түсті. «Жедел жәрдем» бригадасы шақырту орнына шығып, осы жағдай туралы полицияға хабарласты.

«Алайда, біздің бригада қажетті қабатқа көтерілген кезде, ер адам есікті ашпады. Ол жабық есік арқылы дәрігерлерден полиция шақыруды талап еткен. Біздің дәрігерлер далаға қайта шығып, машинаға отырады. Бес минуттан кейін мас ер адам да далаға шығып, дәрігерлерді балағаттай бастаған», - деді Шахтинск аймағы бойынша шұғыл көмек көрсету қосалқы станциясының меңгерушісі Ирина Багина.

Бұзақы «Жедел жәрдем» арнайы көлігіне кірпіш лақтыра бастаған. Осылайша ол арнайы көліктің капоты пен терезесін зақымдаған. «Бақытымызға орай, фельдшерлер зардап шеккен жоқ. Бұл «Жедел жәрдем» бригадасына шабуыл жасаған алғашқы жағдай емес. Дәрігерлер мұндай жағдайда өзін қалай ұстау керектігін біледі. Жүргізуші бірден көлікті алып кеткен», - деді Ирина Багина.

Бұл ер адам өз әйеліне мас күйінде қолын көтерген алғашқы оқиға емес. «Екі факті полицияда тіркелген. Оқиға қарсаңында учаскелік полиция қызметкерлері 36 жастағы ер адамға қатысты алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін материалдар жинады. Бүгінгі таңда ол Саран қаласының МЕПМ-де жатыр", - деп түсіндірді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде. Зардап шеккен әйелді «Жедел жәрдем» бригадасы травмпунктке жеткізді. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша ол үйіне амбулаторлық емделуге жіберілді.


Көзі: Yunews.kz