Қарағандылықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы жәрмеңкеге шамамен 600 тонна ауыл шаруашылық өнімдерін әкеледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағандылықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы жәрмеңкеге шамамен 600 тонна ауыл шаруашылық өнімдерін әкеледі

444

Smiley face

Қарағанды облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен 5 және 6 қазанда Нұр-Сұлтанда кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде Қарағанды облысының 9 ауданы мен 4 қаласынан 80-нен астам фермерлік шаруашылық пен қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады. Сөрелерде 600 тоннаға жуық тауар сатылатын болады. Оның ішінде 100 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 5 тонна балық, 360 мың жұмыртқа, 15 тонна сүт өнімдері, 350 тонна картоп, 95 тонна көкөніс және 16 тоннадан астам басқа өнімдер бар.

Сонымен қатар, жәрмеңке аясында бауырсақ пен қымыз фестивалі өтеді, ал облыстың шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңке «Хан Шатыр» алдындағы алаңда таңғы сағат 9-дан сағат 18:00-ге дейін 5 және 6 қазанда өтеді.


Көзі: Yunews.kz