Есірткі тасымалдаушылардың кемесі Тынық мұхитында апатқа ұшырады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Есірткі тасымалдаушылардың кемесі Тынық мұхитында апатқа ұшырады

444

Smiley face

Колумбияның Әскери-теңіз флотының өкілдері Тумако қаласынан 55 шақырым жерден үш ер адамды тапты, деп хабарлайды РИА Новости.

Зардап шегушілердің сөзіне қарағанда, олар теңізде дүлей толқыннан зардап шеккен. Суға батқан кемеден бір адам жоғалып кетті. Оны іздеумен Әскери-теңіз флотының өкілдері айналысуда. Үш тірі қалған ер адам су өткізбейтін пакеттердің арқасында ашық теңізде жүзіп жүрген.

Теңізшілер кеме апатынан зардап шеккендерді құрлыққа жеткізіп, оларға медициналық көмек көрсетті.

Полицейлер пакеттерді қарап, олардан 1,2 тонна кокаин тапты. Құтқарылғандардың үшеуі де қамауға алынды.


Көзі: Yunews.kz