Ағаш отырғызу акциясы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ағаш отырғызу акциясы

444

Smiley face

Қазақстан Үкіметінің басшысы Асқар Маминнің Түркістан облысына жұмыс сапары аясында сәрсенбі күні ағаш отырғызу бойынша республикалық акция іске қосылды.

Премьер-Министр және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Түркістанның бір алқабында ағаш отырғызды.

Осылайша, сәрсенбі күні республикалық акция іске қосылды, ол еліміздің барлық мектептерінде, содан кейін 12 қазанда республика бойынша жалғасын табады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, осы акция аясында Қазақстанда 1 млн-ға дейін жаңа ағаш отырғызылады.

Бейсенбі күні Қазақстанның барлық мектептерінде Министрлер Кабинеті мүшелерінің және әкімдердің қатысуымен экологиялық сағат өтеді, одан кейін 200 мыңнан астам көшет отырғызылады.


Көзі: Yunews.kz