Қазақстандық КҚК учаскесіндегі қуаттылықты 72,5 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық КҚК учаскесіндегі қуаттылықты 72,5 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда

444

Smiley face

 

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) қазақстандық құбыр желісі учаскесінің қуатын жылына 72,5 миллион тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлады Қазақстан Энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов.

«Алдағы уақытта Теңіз және Қашаған кен орындарында мұнай өндірудің ұлғаюына байланысты қазақстандық учаскеде Каспий құбыр консорциумы магистралды құбырының қуатын жылына 72,5 миллион тоннаға дейін арттыру жобасын жүзеге асыру мәселесі қарастырылуда», - деді Досмұхамбетов баспасөз мәслихатында.

Оның мәліметінше, жоба КҚК қуатын, оның ішінде Теңіз үшін жылына 43,5 миллион тоннаға дейін ұлғайту үшін тар жерлерді жоюға бағытталған.

Оның айтуынша, бұл мәселе пысықталып жатыр, бірақ оны жүзеге асыру 2023-2024 жылдары болуы мүмкін.


Көзі: Yunews.kz